Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Жексенбі, 08 қыркүйек, 05:03

Қазақстандықтардың жеке құжаттарына саусақ іздері енгізілді

01.11.2023

340

0

2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Саусақ іздері және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке басты куәландыратын құжаттарға ( босқын куәлігінен басқа) құжаттану барысында азаматтарға міндетті саусақ ізін тіркеу енгізілді.

12 жастан 16 жасқа дейінгі балалар ерікті түрде, ал 16 жасқа толған азаматтарға міндетті түрде дактилоскопиялық тіркеуге жатады. Міндетті саусақ ізін тіркеуден өтуден бас тартқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 443-1 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Саусақ іздерін алу ХҚКО-ларда Қазақстан Республикасының жеке куәліктерін, паспорттарын, шетелдіктің тұруға ықтиярхаттарын және азаматтығы жоқ адамның куәліктерін рәсімдеу кезінде жүргізіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: