Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Жексенбі, 24 қараша, 22:28

Қазақстандықтарға смартфон қарап, көлік жүргізгені үшін қанша айыппұл салынады?

26.08.2024

206

0

Алматыда жүргізушілердің смартфон қарап, көлік айдап келе жатқанын жиі байқауға болады. Бұл кейде жол-көлік апатына әкелуі мүмкін. Алматы полицейлері жүргізушілерге рөлде смартфон пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды, – деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz тілшісі «Tengri Аuto«-ға сілтеме жасап.

Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Аян Бақытовтың айтуынша, рөлде смартфондар мен телефондарды пайдалануға тыйым салынады және бұл үшін айыппұл қарастырылған.

«ІІМ-нің 30.08.2023 жылғы № 534 «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық жңне дыбыс сигналдарымен жабдықталуға жңне арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел жңне арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» бұйрығының 2-тарауының 12-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, жүргізушіге телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланысты қолдану арқылы пайдалануды қоспағанда, көлік құралын басқару кезінде оларды пайдалануға тыйым салынады», – деп түсіндірді Аян Бақытов.

Ал рөлде смартфонды пайдаланған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Рөлде смартфонды пайдаланғаны үшін жүргізуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 591-бабы «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», – деді полиция капитаны Аян Бақытов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: