Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 17 қыркүйек, 00:13

Қор өзінің медициналық көмекке ақы төлеу жүйесін іске қосты

22.08.2024

166

0

«Е-Saqtandyry» АЖ қысқа мерзімде әзірленіп іске қосылды және Қордың негізгі қызметін цифрландыру процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Жаңа ақпараттық жүйемен не өзгерді?

Қордың медициналық көмекке ақы төлеудің жаңа жүйесі медициналық ұйымдармен шарттық қатынастарын жүргізу процестерін оңтайландыру және медициналық көмекті үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Бұрын Қордың жеке төлем жүйесі болмаған, тек медициналық көмекті тұтынуды есепке алу жүйесі болған. Бұл медициналық көмекті қаржыландырудың кешігуіне әкелді.
«Saqtandyry» АЖ енгізу медициналық ұйымдарға шарттарды басқару процесін жеңілдетеді. Егер бұрын медициналық ұйымдар әртүрлі ақпараттық жүйелерде шарттар мен төлем құжаттарын (МӘМС және ТМККК бойынша бөлек) қалыптастырған болса, қазір «е-Saqtandyry» жаңа жүйесін енгізудің нәтижесінде, бұл процесс бір ақпараттық жүйеде бір шартқа дейін жеңілдетілді.

Іске асырудың алғышарттары

2024 жылғы 1 қаңтарда Қор төлем құралдарынсыз қалып, Қордың негізгі міндеттерін уақтылы орындау үшін үздіксіз жұмыс істемеу қаупі туындады. Сондықтан 2024 жылдың басынан бастап Қор штаттық ақпараттық технология мамандарының күшімен «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде төлем функционалын әзірлеуге кірісті.
Осы жылдың наурыз айында ақпараттық жүйелердегі пысықтауларға байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қордың басшылығы аванс мөлшерін стандартты 30%-дан 70%-ға дейін, ал жаңа медициналық қызмет көрсетушілер үшін – 30%-ға дейін ұлғайту жөнінде бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдады (бұрын жаңа ұйымдар үшін аванс төленбеген, аванс төлеу мүмкіндігін жасау үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді).
Сондай-ақ, «е-Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде өте қысқа мерзімде медициналық ұйымдармен шарттар жасасу бойынша функционалы пайдалануға берілді. «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінің төлем модулі 2024 жылғы 17 мамырда іске қосылды және бүгінгі күні денсаулық сақтау субъектілеріне көрсетілген медициналық көмек үшін ағымдағы жылдың мамыр айы кезеңінде төлем жүргізілуде.

Қазір медициналық көмек қалай төленеді?

Қор 2024 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша жыл басынан бері медициналық ұйымдарға аванспен қоса есептегенде 1,4 трлн теңгеге жуық қаржы төледі. Қазіргі уақытта 2024 жылғы мамыр айыны кезеңі үшін нақты көрсетілген медициналық қызметтерге төлем жүргізілуде.
20 тамыздағы жағдай бойынша 1936 медициналық ұйымға қаңтар-маусым айларында көрсетілген қызметтер үшін 539,1 млрд теңге төленді.
Медициналық ұйымдарды қаржыландыру көлемі жыл басынан бері амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, 1 трлн 455 млрд теңгені құраған. Яғни, бұл жылдық қаржыландыру көлемінің жартысынан көбі. ТМККК қаражатының уақтылы түсіп отыруы жағдайында Қор нақты көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлем мерзімін ұзартуды жоспарлап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: