Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Жексенбі, 27 сәуiр, 20:59

Құқықтық тәртіп мәселесі қаралды

26.04.2025

70

0

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс өтті.

Бұл басқосу Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қоғамдағы, әсіресе жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Мәжіліске аудандық құқық қорғау органдарының басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, қоғамдық кеңес, ардагерлер кеңесі төрағалары, әйелдер, аналар кеңесінің төрайымдары, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Кеңесте аудандық полиция бөлімінің басшысы Мақсат Баймағанбетов баяндама жасап, құқық бұзушылықтың, интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы тәрбие жұмыстары жөнінде хабарлама жасады.

Мәжіліс барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев сөз сөйлеп, жасөспірімдерге бағытталған тәрбиелік ықпалда зиялы қауым мен ақсақалдардың, қоғам қайраткерлерінің рөлі ерекше екенін атап өтті. Сонымен бірге, жастарды бұқаралық спортқа тарту мәселесі бойынша жауапты сала басшыларының хабарламалары тыңдалды.

Кеңесте күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып, нақты ұсыныстар мен міндеттер қойылды.

Сонымен қатар ардагерлер, ұстаздар мен жастар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, тәрбие мен тәртіп мәселесіне қатысты ойларын білдірді.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов құқық бұзушылықтың алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін атап өтіп, жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Жалағаш ауданы жиын 2.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: