Салымшылар ай сайын 1 200 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырамыз деп үміттенген
Қызылорда облысында «HRT» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Ұйымдастырушылар электросамокаттарды сатып алу және оларды Еуропа елдерінде жалға беру арқылы пайда табуға болады деп сендірген.
«Жобаға қатысу үшін азаматтардан арнайы «HRT» шотына криптовалюта аудару талап етілген. Негізгі шарт – кем дегенде екі жаңа салымшы тарту болған», – дейді ведомстводағылар.
200-ден астам азамат жобаға 50 мыңнан 35 мың АҚШ долларына дейінгі қаражатын салып, ай сайын 1 200 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырамыз деп үміттенген. Қаржы пирамидасы заңсыз 28 млн теңге тартқан.
«Тергеу барысында күдіктілер салымшылардың ақшасына екі автокөлік – «BMW 530I Xdrive» және «Changan Alsvin» сатып алғаны анықталды. Аталған көліктерге сот санкциясымен тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты үйқамақ ретіндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта «HRT» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін еліміздің жеті өңірінде – Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында құру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!