Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:38

Қызылорда облысының кәсіпкерлеріне әлеуметтік газдың көлемі негізсіз аз бөлінген

26.07.2023

393

0

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке газ саласындағы жекелеген бизнес субъектілері Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының әрекетіне шағымданып жүгінді.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қандай да бір заңды негіздерсіз кәсіпкерлерге Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы бұйрығымен бекітілген газды бөлу тетігіне сәйкес белгіленгеннен аз мөлшерде сұйытылған мұнай газын (газ операторы ретінде өткізу үшін) берген.

Департаменттің араласуымен ұсыныс енгізіліп, газ тарату жөніндегі комиссияға шығарылды және  кәсіпкерлерге қосымша көлемдер (20 және 30 тонна) берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: