Ауа райының қолайсыз болуына байланысты «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының бірқатар бөлігіне шектеу қойылды – деп хабарлайды Қазақпарат.
Бүгін, 10 наурызда сағат 08.40-тан бастап республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығына көліктің барлық қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
«Ұлытау облысында ауа райы нашарлауы байқалып тұр. Жаңбырдан кейін жолдың жоғарғы қабаты бұзылған. Осыған байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының Қызылорда қаласының шекарасынан бастап Ұлытау облысының шекарасына дейінгі аралықта көліктің барлық қозғалысына уақытша шектеу қойылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Фото: Казинформ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!