Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаментінің жылдың бірінші тоқсанын қорытындылаған жиынында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Департамент бастығы, полиция полковнигі Серік Ергешев жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығу, автокөлікті мас күйде басқару жол-көлік оқиғаларының басты себебі болып отырғанына тоқталып өтті.
Өңірде жыл басынан жол қозғалысын бұзудың 58 мың дерегі анықталыпты. Автокөлікті мас күйде басқарған 188 жүргізуші ұсталып, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.
«Жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында күнделікті талдау жасап, нарядты күшейту үстіндеміз. Жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты және үздіксіз жүргізіліп отыр. Алда да бұл мәселе басты назарда болады», деді департамент басшысы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!