Аталған тыйым – бүгіннен бастап облыста «Уылдырық шашу» акциясының басталуымен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осылайша Арал-Сырдария бассейнінің су айдындарында балық аулауға уақытша тыйым салынды.
«Оның ішінде «Шардара» су қоймасының су айлағында 1 сәуір-20 мамыр, Түркістан облысы шегіндегі су айдындарында және «Шардара» су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 15 сәуір-31 мамыр, сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр-30 мамыр аралығында балық аулауға болмайды. Ал Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымға, Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымға дейін жағдай бақылауымызда болады», деді Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекция басшысының орынбасары Жанқожа Сапаров.
Аталған акция шеңберінде рейдтік іс-шаралар, су айдындарының мониторингі және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын тексеру жоспарланған.
Фото: Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!