Қызылорда облысында қаладағы кәсіпорыннан мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан адамдар ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылған. 20-дан аса тінту шаралары жүргізілді. 25 тоннадан аса ұрланған мұнай өнімдері тәркіленді.
Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 миллион теңгеден асады.
«Полицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау деректері бойынша тергеу жүргізіп жатыр», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!