Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Жексенбі, 24 қараша, 22:52

Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 8 күдікті қамалды

25.08.2024

241

0

ҚР Ішкі істер министрлігі Қызылордада 16 жасар оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу туралы қылмыстық істі тергеудің мән-жайын баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 
Министрлік Қызылорда облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Бұдан басқа, осы қылмыстық іс шеңберінде ҚК бірнеше бабы бойынша, оның ішінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру және жеңгетайлық (309-бабы 2-бөлігі), бопсалау (194-бабы 2-бөлігі), есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіргені үшін (299-бабы 3-бөлігі), азаптау үшін (110-бабы 1-бөлігі), кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін (140-бабы 1-бөлігі) тергеу жүріп жатыр», – деп жауап берді министрлік редакцияның ресми сұрауына.
Сондай-ақ осы фактілер бойынша 8 күдіктіге сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, біреуі үйқамақта.

Бұдан басқа, осы факті бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты жүргізілген қызметтік тергеу нәтижесінде Қызылорда облысы ПД бірқатар қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: