Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Жексенбі, 13 сәуiр, 04:46

Қызылордада Qnet басшылары сотталды

11.04.2025

193

0

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Қызылордада “Qnet” қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Сотталғандар халықты көп деңгейлі маркетингтік желі мен электронды коммерцияға инвестиция салуға, оның ішінде жалған “QVI tripsaver” саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген. Адамдар ақшаны аямаған, 840 мыңнан 4 млн теңгеге дейін қаржы құйған. Бұдан бөлек, басқа қатысушыларды тарту талабы да болған. Соның нәтижесінде қаржы пирамидасына 51 адам қатысып, олар 63 миллион теңгеден астам қаражат салған.

“Сот шешімімен пирамида ұйымдастырушылары кінәлі деп танылып, 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, 301 миллион теңге құны бар Астана қаласынан 7 пәтер және “Toyota Camry” автокөлігі тәркіленді. Айта кетейік, агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты  іске қосқан болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: