Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сенбі, 21 желтоқсан, 22:04

Қызылордада тіл жанашырлары марапатталды

05.09.2023

492

0

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Тіл – татулық тірегі» атты фестиваль өтті.

Дәстүрлі сипатқа ие болған бұл фестиваль мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, байтақ елімізде мекен етіп жатқан түрлі этностардың тілдеріне деген құрметті нығайтуды мақсат етеді.

Мерекелік фестивальде Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, барша жиылған қауымды айтулы мерекемен құттықтай отырып, бұл күннің маңыздылығын атап өтті.

Өңірдегі тіл саясатын жүргізуге сүбелі үлестерін қосып жүрген бірқатар түрлі сала мамандарын марапаттады. Соның ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастар» ұйымының белсендісі, Славяне этномәдени бірлестігінің мүшесі Мясцов Никита Николаевич пен «Абай қазынасына саяхат» және «Мәміле» клубының жетекшісі Пак Елена Владимировна марапатталды.  Ал «Үздік этномәдени бірлестік» номинациясын  облыстық Корей этномәдени бірлестігі иеленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: