Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

33°C

, Дүйсенбі, 12 мамыр, 15:45

Қызылордалық «Ақмешіт» футбол командасы республикалық турнирде чемпион атанды

11.05.2025

37

0

Алматы қаласында “Хабар” агенттігінің 30 жылдық мерейтойы аясында есімі елге белгілі спорт журналисі, қазақ журналистикасының жарық жұлдызы Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған шағын футболдан дәстүрлі республикалық турнир өтті. 

БАҚ өкілдері бас қосқан ала доп бәсекесінде еліміздің әр өңірінен келген 14 команда бақ сынап, Сыр өңірінің журналистерінен құралған «Ақмешіт» футбол командасы үздіктер арасында топ жарып, екінші мәрте чемпион атанды.

Еске салсақ, сырбойылық қаламгерлерден құралған “Ақмешіт” командасы 2023 жылы да дәл осы республикалық турнирде жеңімпаз атанған болатын.

Республикалық турнир.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: