Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 17:52

Қызылордалық кәсіпкерлерге салық органдары әкімшілік кедергілер келтірген

27.07.2023

587

0

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер өзінің бизнесін банкроттыққа әкелетін салық органдарының әрекетіне шағым түсірді.

2023 жылдың қаңтарында Облыстың мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкердің қосылатын құнға салық төлеуші ретінде тіркеусіз рұқсат етілген айналымнан асып кеткеніне сілтеме жасай отырып, жеке кәсіпкердің мекенжайына хабарлама жіберіп, шоттарды бұғаттаған. Бұл ретте салық кодексінің 82-бабының 4-тармағына сәйкес МКД кәсіпкер 2021 жылдан бастап өзінің қаржылық айналымдарын жасау кезінде ҚҚС бойынша есепке қою жөніндегі міндеттемені алып тастайтын үш компонентті интеграцияланған жүйені пайдаланатыны ескерілмеген.

Аталған мәселе бойынша Департамент арқылы облыстың МКД атына ұсыныстар енгізілді. Нәтижесінде хабарлама кері қайтарылып алынды және кәсіпкердің шоттары бұғаттан шығарылды. Сондай-ақ, Департаменттің уақытылы араласуы ЖК-ге 16,2 млн. теңге көлемінде айыппұл салуды болдырмауға мүмкіндік берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: