Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:24

Қызылша: Қызылордада 1129 адам анықталды

24.11.2023

639

0

 Қы­зыл­орда облысының санитарлық-эпидемио­логиялық бақылау департаментінің дерегінше қызылша мен қызамық – бір-біріне өте ұқсас жұқпалы аурулар. Екеуінің қоздырғышы – вирус, ауа арқылы таралады, екеуіне тән белгі –денеде бөртпелердің шығуы.

Сондай-ақ дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болып, көз жасаурап, мұрын бітеледі. Бұл жағдай 2-3 күнге дейін созылып, одан соң денеде бөртпелер пайда болады. Алғашында бет аймағында, құлақ артында шығып, содан соң денесіне тарайды. Ауру көзі болып ауру белгілері анық сипатталған және жасырын түрде өтетін науқастар болып табылады. Туа біткен қызамық ауруына шалдыққан нәресте де өте қауіпті болып саналады, себебі ол 1,5 жасқа дейін вирусты қоршаған ортаға бөледі.

Соңғы мәліметтер бойынша облыста қызылша ауруының 1129 дерегі анықталды. Балалар арасында жиі шалдығу жағдайлары жалғасуда, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 994 жағдай есепке алынды.

Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар барысы бүгін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің қатысуымен өткен жедел штаб отырысында көтерілді. Проблемалық сұрақтар мен оларды шешу жолдары талқыланды, тиісті тапсырмалар жүктелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: