Мәскеу облысының Истринский ауданында Ozon онлайн-маркетплейсінің қоймасы өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өрттің аумағы 55 мың шаршы метрді құрады, ғимараттың 22 мың шаршы метр төбе жабыны құлаған. Қоймадан өрт шыққанда мыңға жуық қызметкер қауіпсіз жерге көшірілді, 13 адамның зардап шеккені белгілі болды.
Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев екі адамның іздестіріліп жатқанын жеткізді. ТЖМ қаза тапқандар туралы ақпаратты растаған жоқ.
«20 шақты адамның қайда екені белгісіз. Телефондары өшірулі тұр. Олардың барлығы жұмыста болған», деп хабарлады жедел қызмет өкілдері.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!