Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жексенбі, 24 қараша, 15:49

Сайлау: дауыс беру басталды

31.07.2022

728

0

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттілігі жөнінде бастамасына сәйкес Жалағаш ауданына қарасты М.Шәменов ауылдық округінің әкімін сайлау науқаны басталды.

Таңғы сағат 7:00-де науқан №133 сайлау учаскесінде учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің, БАҚ өкілдерінің, байқаушылардың және сенім білдірген адамдардың қатысуымен сайлау туралы заңның талаптарына сай, барлық процедураларды орындай отырып сайлау учаскесін ресми түрде ашылды.

Таң атасымен өз таңдауымды жасаймын деген сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Алғашқы болып ауыл тұрғыны Аяғанов Нұрлан ағамыз да барлық тірлігін ысыра ауылдық мәдениет үйіне асыға келіп, өз таңдауын жасады.

– Бүгін ауылымыз үшін саяси маңызды күн десем болады. Ауылымыздың тыныс-тіршілігі шүкір, жақсы, ауыл азаматтарының жасап жатқан шаруаларының жайы көңіл көншітеді. Алдағы уақытта да осы алған бағытымыздан таймай, ауылымыз көркейе береді деп сенемін. Науқан әділ, барлық ережелерге сай өтіп жатыр. Халқымызға бірлік, елімізге бибітшілік тілеймін, – деп, өтіп жатқан саяси науқанға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, №133 сайлау учаскесінде дауыс беру кешкі сағат 20.00-де аяқталады.

 «ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: