Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:26

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА МЕН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БОЙЫНША ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА ҚАРАЛДЫ

13.06.2023

434

0

Бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы болып өтті. Фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева жетекшілік еткен отырыстың күн тәртібіне 2 мәселе қаралды.


Аталған отырысқа «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева қатысты.


Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша «Білім беру сапасын артыру» тармағының орындалу барысы туралы Жалағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Садықов Талғат хабарлама жасады.


Білім беру ұйымдарының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша Жалағаш кенті орталығындағы №31 мектеп-гимназиясы мен Бұқарбай батыр ауылындағы №33 орта мектеп ғимаратына күрделі жөндеуге байланысты тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Ал, аудан орталығынан салынатын «Жайлы мектеп» жобасы аясында 300 орындық мектептің жер телімі бекітілді – деді Талғат Құрақбайұлы.


Фракция мүшелері білім саласына қатысты бірқатар мәселелерді қозғап, білім ордаларына жасалар күрделі жөндеу жұмыстарының сапалығына мән беруді ұсынды. Сонымен қатар, сайлауалды бағдарламада көзделген әрбір шараның орындалуы фракция мүшелерінің назарында болатындығын жеткізді.


Күн тәртібіндегі «Ауыл аманаты» жобасының ауданымызда іске асыру барысы туралы сөз Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің есебі тыңдалды.


Жалағаш ауданы бойынша ауылдық жерлердегі тұрғындардың табысын арттыру мақсатындағы аталған жобаға 149 жобаның құжаттары жинақталды.


Отырысы барысында “Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы” аясында азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының мақсаты мен міндетін кеңінен түсіндіру, басқа да жобалар аясында жұмыс жасауды, өңдеу кәсібімен айналысып жатқан кәсіпкерлерді насихаттау керектігін айтып өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: