Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Сәрсенбі, 04 маусым, 07:42

Шерзат өліміне қатысты сот: Прокурор айыпталушыларға 1 жыл 6 айдан 23 жылға дейін жаза тағайындауды сұрады

02.06.2025

70

0

Шерзат Болаттың қазасына қатысты сот отырысында прокурор Дана Сәрсенбай сотталушыларға жаза сұрады. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша айып тағылғандарға прокурор тарапынан келесі мерзімдер сұралды:

Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша 23 жыл бас бостандығынан айыру;

Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 24-бабы 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жыл бас бостандығынан айыру;

Шыңғыс Белгожаев – Қылмыстық кодекстің  293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Дархан Аскентай – Қылмыстық кодекстің  293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Нұрқияс Ілясов – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 9 жыл;

Нұрбол Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Азамат Тоқтаубаев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бап (ұрлық) бойынша қосымша саралау мүмкіндігімен 15 жыл;

Дидар Қалиахмет – Қылмыстық кодекстің  293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жыл;

Дидар Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) – Қылмыстық кодекстің 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: