Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:00

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

14.09.2022

293

0

«Қазгидромет» мамандары Қазақстан бойынша 2022 жылғы 14-16 қыркүйектегі ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елде күзгі салқын ауа райы әлі де сақталады. 

Қазақстанның солтүстік жартысына әлі де Солтүстік-батыс суық антициклоны әсер етеді. Салдарынан республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр сақталады. 

Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. 15 қыркүйекте қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша жел күшейеді.

15-16 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста 5 градусқа дейін үсік күтіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: