Казіргі кезде қағаз құжат айналымын азайту және электрондық құжат айналымын пайдалану мүмкіндігін көбейту мақсатында сот органдары өзге мемлекеттік органдармен Электрондық Құжат Айналымының Жалпы Бірыңғай Жүйесі арқылы өзара іс-қимыл жасайды. Қазіргі елдің барлық соттарына «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі, «Электронды шақыру қағазы», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS-хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар, бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар қызметін енгізіп, сұранысқа сай қызмет етуде.
Оның ішінде «Сот кабинеті» электрондық жүйесін қолданушылар саны арттып келеді және «Сот кабинеті» арқылы талап арыздарды беру, сот отырысының хаттамасына ескерту келтіру, өтініш, арыз, шағым және электрондық түрдегі өтінімдерді әзірлеу және беру, мемлекеттік алымдарды онлайн төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігі секілді әрекеттерді жүзеге асыруға болады.
Жалағаш аудандық сотына 2023 жылдың 8 айында 350 талап арыз тіркеліп оның барлығы 100 пайыз «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды түсіп тіркеліп қаралуда. Бұл сот кабинетінің қолданушылар саны арттып келетіндігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Куәландыру Орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы бар республиканың кез келген азаматына үйден шықпай-ақ «Сот кабинеті» электрондық жүйесі арқылы елдің кез келген сотына талап арыз беріп, оның қаралу динамикасын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Міне бүгінде аталмыш сервис 50-ден астам электронды қызмет көрсету мүмкіндігіне ие.
Осы қызметтердің ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, бюрократтық кедергілерді жоюға, соттардың ашықтығының бірден-бір дәлелі болып танылатын сот отырыстарын дыбыс-бейне жазба құралдарымен түсіріп алу жүйесі қарқынды қызмет көрсетуде. Халық үшін тиімділік танытқан, әрі сот отырысының хаттамаларын алмастыра білген осы жүйе қолайлы сервистердің бірі.
Д.Ә.Шадаев,
аудандық сотының
бас маманы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!