Иордания астанасы Амманда мәресіне жеткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық боксшылар құрлық біріншілігінде жалпы саны 21 медаль жеңіп алды, соның алтауы – алтын, жетеуі – күміс, 8-і – қола.
Өзбекстандықтар 13 медальмен (6 алтын, 3 күміс, 4 қола) екінші сатыда.
Үндістандықтар 12 жүлдемен (4 алтын, 2 күміс, 6 қола) үздік үштікті түйіндеді.
Бокстан 2022 жылғы Азия чемпионатының жалпыкомандалық медаль есебі:
1. Қазақстан — 6-7-8
2. Өзбекстан — 6-3-4
3. Үндістан — 4-2-6
4. Иордания — 2-3-2
5. Таиланд — 2-2-1
6. Жапония — 1-5-1
7. Оңтүстік Корея — 1-1-4
8. Тайвань — 1-0-3
9. Филиппин — 1-0-2
10. Вьетнам — 1-0-1
11. Моңғолия — 0-2-8
12. Қырғызстан — 0-0-4
13. Иран — 0-0-2
13. Тәжікстан — 0-0-2
15. Пәкстан — 0-0-1.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!