Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық сатысына жолдама алған 21-құрама анықталды. Қалған үшеуі алдағы жылдың наурыз айында Ұлттар лигасындағы қосымша ойындар арқылы белгілі болады, деп хабарлайды Kazinform.
Италия төртінші себетке енді. Одан өзге Сербия, Швейцария және Ұлттар лигасындағы қосымша ойындар арқылы жеңімпаз атанатын үш құрама қосылады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Былтыр С лигасында өз тобында бірінші орын алған қазақстандық футболшылар енді Еуропа чемпионатының финалдық сатысының жолдамасын сарапқа салуға мүмкіндік алды.
Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында ел құрамасы 18 ұпаймен Финляндиямен бірге үшінші-төртінші орынды өзара бөлісіп отыр.
Финалдық сатының жеребесі 2 желтоқсан күні тартылады. Құрамалар төрт себетке бөлінген.
1 себет: Германия, Португалия, Франция, Испания, Бельгия, Англия
2 себет: Венгрия, Дания, Албания, Австрия, Турция, Румыния
3 себет: Шотландия, Словения, Словакия, Чехия, Нидерланд, Хорватия
4 себет: Сербия, Италия, Швейцария, +Ұлттар лигасынан үш жеңімпаз
Еуропа чемпионатының финалдық сатысы 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияда өтеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!