Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Қазақстан футбол федерациясынан, оның президенті Әділет Барменқұловтан сыйлық алды.
Еуро-2024 іріктеу кезеңі аяқталғаннан кейін ресейлікке жаңа бизнес-класс көлігінің кілті табысталды.
«Мен бұл сыйлыққа толықтай лайықпын деп санамаймын. Өйткені жаттықтырушы және команда ретінде біз жанкүйерлер алдында қалаған нәтижеге қол жеткізе алмадық. Мен және менің әріптестерім мақсатымызға жету және футболдан Еуропа чемпионатына қатысу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – деп жазды Адиев әлеуметтік желіде.
Қазақстан құрамасы іріктеу тобында төртінші орын иеленді, соңғы турға дейін Еуро-2024-ке тікелей жолдама алуға үміткер болып, өзі үшін рекордтық ұпай (18) жинады. Адиевтің командасы Ұлттар лигасының матчтары арқылы әлі де Еуро-2024-ке өтеді деген үміт бар.
Ұлттар Лигасының Грекия құрамасына қарсы жартылай финалдық плей-офф матчы келесі жылы 21 наурызда өтеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!