Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:17

Мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер 1 шілдеден бастап артады.

26.07.2023

474

0

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі дайындалып 2023 жылдың 1-ші шілдесінен  бастап  қолданысқа  енгізілді. Жаңа  әлеуметтік  кодекске  сәйкес  әлеуметтік төлемдердің  мөлшері  ұлғайтылды. Сондай- ақ мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу  жағдайы  бойынша  әлеуметтік  төлемдердің  мөлшері  1 шілде  2023 жылдан  14,5 пайызға  көбейтілді.

Жәрдемақы, Алтын  Алқамен  марапатталған аналарға, бұрын Батыр Ана  және Ана  даңқы  1-2 дәрежедегі  марапатталған  аналарға;

Егер бүгінде 6, 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алса, енді 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап «Алтын алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған, яғни 7 және одан да көп  баланы  өмірге әкеліп  тәрбиелеген  аналарға  арналған жәрдемақы мөлшері 7,4 (25530 теңге) айлық  есептік  көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК 2023ж. 3450тг.) дейін  арттырылды

Бала  кезінен  мүгедектердің  күтіміне  байланысты  жәрдемақы;

мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік  жәрдемақы  мөлшері (65313 теңге) – 1,61 ЕТКД-  (ЕТКД 2023ж. 40567тг.).

1-ші  топ  мүгедектерінің  күтіміне  байланысты  жәрдемақы;

 бірінші топ мүгедектігі бар азаматтарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға 1,61 (65313 теңге) ең төменгі күнкөріс (бұдан әрі – ЕТКД 2023ж. 40567тг.) мөлшерінде мемлекеттік  жәрдемақы  тағайындалалы.

Мүгедектігі  бар  адамдарға  мүгедектігі  бойынша  мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақылар  мынадай  мөлшерде  тағайындалады:

жеті  жасқа  дейінгі  мүгедектігі  бар  балаларға – 1,61 (65313 теңге) ең  төменгі  күнкөріс  деңгейі  (ЕТКД 2023ж. 40567тг.);

бірінші  топтағы  жеті  жастан он  сегіз  жасқа  дейінгі  мүгедектігі  бар  балалар – 2,20 (89248 теңге)  ең  төменгі  күнкөріс  деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.);

екінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 1,83 (74238 теңге) ең  төменгі  күнкөріс  деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.);

үшінші  топтағы  жеті  жастан  он  сегіз  жасқа  дейінгі  мүгедектігі  бар  балалар – 1,61 (65313 теңге) ең  төменгі  күнкөріс  деңгейі;

бірінші  топтағы  бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 (89248 теңге) ең төменгі  күнкөріс деңгейі  (ЕТКД 2023ж. 40567тг.);

екінші  топтағы  бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға – 1,83 (74238 теңге)  ең төменгі  күнкөріс  деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.);

үшінші  топтағы  бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға – 1,61 (65313 теңге) ең төменгі  күнкөріс  деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.);

бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 (89248 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.);

екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,76 (71398 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.);

үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,20 (48681 теңге) ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.)

 Егер  жасына  байланысты  зейнетақы  төлемдерінің  немесе  еңбек  сіңірген  жылдары  үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектігі бар адамдардың тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік  жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бар адамдардың осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік  жәрдемақы  мөлшеріне  дейін  тиісті  қосымша  ақылар  түрінде  жүргізіледі.

Асыраушысынан  айырылу  жағдайы  бойынша  мемлекеттік  әлеуметтік жәрдемақылардың  мөлшері:

отбасының бір еңбекке жарамсыз мүшесі болған кезде – 0,92 (37322 теңге) ең төменгі күнкөріс  деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.);

екеу  болған  кезде – отбасының  еңбекке  жарамсыз  барлық мүшелеріне (68964 теңге)  1,70  ең  төменгі  күнкөріс  деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.);

үшеу  болған  кезде – отбасының  еңбекке  жарамсыз  барлық  мүшелеріне (91276 теңге)  – 2,25 ең  төменгі  күнкөріс  деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.);

төртеу  болған  кезде – отбасының  еңбекке  жарамсыз  барлық  мүшелеріне (105475 теңге)  -2,60  ең  төменгі  күнкөріс  деңгей (ЕТКД 2023ж. 40567тг.);

бесеу болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне(111560 теңге)  – 2,75  ең төменгі  күнкөріс  деңгейі.

Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болған кезде                      әрқайсысына жәрдемақының мөлшері (121701 теңге) 3,00 ең төмен күнкөріс деңгейінің (ЕТКД 2023ж. 40567тг.)  бірдей  үлесі  ретінд е есептеледі.

Жетім балаларға ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір айлық жәрдемақы әрбір балаға (62474 теңге) 1,54 ең төменгі  күнкөріс  деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.), отбасының қалған еңбекке жарамсыз мүшелеріне (25151 теңге) – 0,62 ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.), бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне (118456 теңге) 2,92 ең төмен к үнкөріс  деңгейінен (ЕТКД 2023ж. 40567тг.) аспайтын  мөлшерде  тағайындалады.

Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшері отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне (11756 теңге)  0,29 ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД 2023ж. 40567тг.), бірақ отбасының барлық мүшелеріне (118456 теңге) 2,92 ең  төменгі  күнкөріс  деңгейінен ( ЕТКД 2023ж. 40567тг.) аспайтын  мөлшерде.

 Жоғарыда көрсетілген жәрдемақылардың мөлшерін арттыру Еңбек және халықты әлеуметтік  қорғау министрлігінің  ақпараттық  жүйелерінде  бар  мәліметтер  негізінде  автоматты түрде  жүргізіліп, осыған  байланысты  алушылардың  уәкілетті органдарға қосымша өтініші  талап  етілмейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік

корпорациясы» КеАҚ  Қызылорда облысы

бойынша филиалы – Әлеуметтік қамсыздандыру

жөніндегі Жалағаш аудандық бөлімінің басшысы

Ш.А.Сасыкбаева

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: