Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 14 маусым, 06:40

Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі

13.06.2025

31

0

«Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген өзгерістер биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді

 Су шаруашылығы саласындағы 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өседі, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.

Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған «Табиғи монополиялар туралы» заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Түзетулерді министрлік әзірледі.

Өзгерістер сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Өңірге және статистикалық деректерге қарай жалақы орта есеппен 35–50%-ға өсіп, жылу және электр энергетикасы салаларындағы мамандардың деңгейіне дейін жетеді. Бұл су саласындағы кадр тұрақсыздығын азайтып, жоғары білікті мамандарды тартуға жол ашады.

«Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген өзгерістер биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

«Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жылу және электр энергетикасы саласында орташа жалақы – 330 мың теңге. Ал су шаруашылығы саласында – 231 мың теңге. Айтарлықтай айырмашылық бар. Қабылданған түзетулер еліміздің дамуы үшін аса маңызды су саласының кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған», – деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.

Еске салайық, былтыр «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25%-ға өскен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: