Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 22:44

СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАЙЫҚ

25.06.2024

316

0

Суға шомылудың қауіпсіздік шаралары  мен ережелерін сақтамаған жағдайда демалыс сәті қас-қағымда қайғылы жағдайға айналып шыға келуі мүмкін. Сондықтан суға шомылуда сақталуға тиісті қауіпсіздік шараларын ұсынамыз:

  • шомылуды ашық, желсіз күні бастаңыз. Ауа температурасы 20-25, 17-19 градустан кем болмағаны дұрыс;
  • қоршалмаған ашық жерлерде тұруға және ойнауға болмайды;
  • суда жүзуді білмеген жағдайда су жағасынан алысырақ тұру керек;
  • судың түбінде қауіпті заттар болуы мүмкін, сол себепті таныс емес жерлерде сүңгуге, белгіленген жерден қашыққа жүзуге болмайды;
  • бастауыш мектептің оқушыларына ата-анасының рұқсатынсыз не болмаса үлкендердің бақылауынсыз су қоймаларына баруға болмайды.

Балалар үрлеген матрастармен және камералардың көмегімен жүзгенді ұнатады. Сонымен қатар қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдаланады, бұл өте қауіпті. Қолдан жасалған жүзу құралдары аударылып кетуі мүмкін, ал үрген матрастар мен камераларды жел алысқа алып кетуі мүмкін. Қайықтың ішінде ойнауға, қайықты шайқауға, тұрып орын ауыстыруға, ернеуден төмен жылжуға болмайды. Су қоймаларында адамдардың су асты ойындарына шек қойылады, себебі тұншығып қалулары мүмкін.

         Жүзушіге суда демала білуді үйрену – өте маңызды. Бұл әдісті тайыз жерден бастаған дұрыс. Бірінші әдіс – аяқ пен қолды жазып, көзді жұмып, басын суға салып, арқамен жату керек. Осы қалыпта баяу қимылдау қажет. Терең дем алып, өкпедегі ауаны ұстай білген жөн.

         Екінші әдіс – «қалтқы» сияқты денені жинап, ауаны ішке жұтып, бетін суға салып, екі тізені құшақтап қысып дем шығаруды тоқтату (күшке салмау). Кейін суда баяу дем шығару, сонан соң су бетінде тез дем алу және тағы да «қалтқы» болу соңғы әдісті үйренуге әсерін тигізеді. Әр бала суда жүзуді үлкендердің көмегімен үйренуі қажет. Әрбір адамға осы жоғарыда айтылғандардың бәрін біліп жүрген артық етпейді, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап жүргенде ғана келеңсіз жағдайлардың орын алмасы анық.

Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: