Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғани Сүлейменовтің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу, ақпараттық-насихаттық жұмыстарды күшейту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында атқарылған іс-шаралардың тиімділігі және Аққұм ауылдық округі бойынша осы бағытта жүзеге асқан жұмыстар сараланды.
Жиында мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп, тұрғындар арасында ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар, қоғаммен кері байланысты арттырудың маңыздылығы айтылып, бұл бағыттағы іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде кеңінен жариялануы қажеттігі ескертілді.
Жиыннан кейін аудан әкімдігі жанындағы Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Онда алаяқтық және ұрлық қылмыстарының алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғани Сүлейменов құқық қорғау органдарына қылмыстардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуді тапсырды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды
30.09.2025
4
0

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!