Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында «Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті аудандық төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен кездесу өткізілді.
Аталған шараға Жалағаш аудандық прокуратурасының прокуроры 3 сыныпты заңгер Рысбай Бақытжан, аудандық партия филиалының консультанты Ахметжамиев Асхат және Жалағаш ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Назарқұлов Еркін қатысты.
Келелі кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жол жүрісі қағидалары мен оларды бұзған жағдайда қолданылатын әкімшлік және қылмыстық жауапкершілік, азаматтық қорғау органдары қызметкерлері арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қызметкерлер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша тақырыптар қозғалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!