Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жұма, 29 қараша, 21:52

Сырдарияда сең жүріп жатыр

05.01.2024

379

0

Сырдарияда сең жүріп жатыр. Күн райының жылуынан қаңтарда мұз еріп, өзен деңгейі едәуір көтерілді.

Бүгінде облыс аумағына жоғарыдан секундына 429 текше метр су құйылып жатыр.

Қазіргі таңда сең Қызылорда қаласынан 83 шақырым жердегі Жетікөл жарма аумағына жетті. Мұздақтардың қалыңдығы 10-15 сантиметрден аспайды, – деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан мамандар Сырдариядан аса бір қауіп жоқ деп отыр. Дегенмен, өзен бойында су басуы ықтимал 29 аймақ белгіленген.

Онда бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп, тасқынның алдын алуда арнайы құрылымдар мен техникалар тас-түйін дайын отыр.

«Қаланың төңірегі осы ПМК саяжайында дарияның деңгейі көтерілу белгісі байқалады. Өйткені, мұздың жиілеп жайлап Қызылорданың төңірегіне келе жатқандықтан. Дегенмен, 2,5-3,5 метрдей бізде ара қашықтық запас бар қорғаныс бөгетінде», – дейді Бейбітхан Спанов, облыстық ТЖД бөлім бастығы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: