Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-7°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:21

Татуластыру тағылымды іс

30.05.2023

372

0

«Дау мұраты-біту» деген сөз бар.

Ұрыс, даудан іргесін аулақ салып үйренген халықпыз. Ал, ел арасы мен ағайын ішінен іріткі шықса, істі ушықтырмай ауыл ақсақалының, ел ағасының алдына барып шешетін. Әр бір дау туындаған жағдайда, ең алдымен медиаторға жүгіну қажет екендігін жұртшылық арасында кеңінен түсіндірілуде.

      Қазірге кезде дау көбейді. Оған бірден бір себеп – меншік түрлерінің мола­юы, нарықтық қатынастардың ор­науы және халықтың құқықтық сау­аты мен талабының артуы. Аза­маттар кез келген ұсақ-түйек дау-шармен сотқа жүгінетін болды. Оларды бірдей қанағаттандыратын шешімдерді табу – бұл бір уақытта ғылым және өнер.

Дауды ың-шыңсыз тез әрі өзара татуласып бітіру, екі тараптың мәселелерді шешудегі мәдениеті, моральдық және материалдық ауыртпалықтарды түсінулері қажет.

Мәселен, еліміздегі құқыққа қабілетті әрбір төртінші тұрғын сот ауыртпалықтарына тартылған. «Әрбір төртінші неке бұзылады, және, егер әрбір отбасында орта есеппен екі баладан бар деп есептейтін болсақ, онда бір жыл ішінде 100 мыңнан аса бала әкенің не ананың толыққанды тәрбиесінен тыс қалады».

Медиация даулар мен қақтығыстарды реттеудің нақты құралы болып табылады. Медиацияның дамуы елдегі қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге ықпал ететін дауларды сотқа дейін реттеп, сот даулары мен ауыртпалықтарын азайтып, сотқа жеткізбей, татуласу арқылы наразылықты еңсеруге болады.

                                                                                                            Аян АЛТЫНБАЕВ.

                                                                                                      Жалағаш аудандық соты

                                                                                                      әкімшісінің басшысы

                                                                                                    «Қызылорда облыстық судьялар   

                                                                                                     Одағының мүшесі»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: