Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Жұма, 20 маусым, 00:11

Төрт мыңнан астам адам бостандыққа шығады: сенат рақымшылық туралы заңды қабылдады

19.06.2025

15

0

Сенат Конституцияның 30 жылдығына орайластырылған рақымшылық туралы заңды қабылдады.

«Бұл қадам халықаралық тәжірибеге толығымен сәйкес келеді: мерейтойлар мен айтулы оқиғаларға байланысты көптеген елде осындай шешімдер қабылданған», – дейді сенаттағылар.

Бұл ретте сотталғандардың белгілі бір санатына ғана рақымшылық қолдану ұсынылады:

онша ауыр емес қылмыстық әрекеттер немесе қылмыс жасағандар;

зиян келтірмей немесе оның орнын толық өтей отырып, ауырлығы орташа қылмыс жасағандар;

әлеуметтік осал адамдар.

Сенатта хабарлағандай, рақымшылық сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар және тағы басқалар үшін сотталғандарға қолданылмайды.

Рақымшылықпен барлығы 15 мың адам қамтылады. Олар:

түрмеде отырған 6 мың адам;

пробация қызметінің есебінде тұрған 9 мың адам.

4,1 мың адам бостандыққа шыға алады. Соның ішінде түрмеге қамалған – 632 адам, пробация қызметінің есебінде тұрған – 3,5 мың адам. Ал қалған 11 мың адамның жазасы қайта қаралып, мерзімі қысқартылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: