Жалағаш ауданындағы барлық дауыс беру учаскесі таңғы сағат 7:00 де мемлекеттік әнұранмен өз жұмысын бастады.
Редакцияның тілшілер тобы ең алдымен Қонысбек Қазантаев атындағы мәдениет үйінде орналасқан №128 дауыс беру учаскесіне аялдады.
Мұнда таң азанымен өз таңдауын жасауға келген жергілікті тұрғындардың қатары қалың. Аталған дауыс беру учаскесінде бірінші болып ауданның құрметті азаматы Оспан Жанұзақ ағамыз өз таңдауын жасады.
Аймақ дауында өзіндік қолтаңбасы бар атпал азамат дәл осындай ел болашағында өзіндік мәні бар саяси науқанда қай буында белсенді болу қажеттігін қаперге салды.
– Бүгінгі референдум ел болашағы үшін маңызды. Осыған дейін Ата заңымызға айтарлықтай өзгеріс енетіні жөнінде хабардар болдық. Бұл өзгерістің ел болашағы үшін маңызы жоғары. Бұған дейін Ата заңға енгізілетін өзгерістермен таныс болдық. Сондықтан барлық тұрғын өз таңдауын жасауда белсенділік танытуы қажет. Тіпті қай буын үшін де мұны азаматтық міндет деп түсінемін, – деді ол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!