Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:45

Тұрғындар саулығы бәрінен маңызды

27.07.2023

491

0

Адам өміріндегі басты құндылық – денсаулық екені баршамызға аян. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен «Денсаулық» БПҰ бірлесіп ұйымдасуымен фазендаларда тұратын тұрғындармен кездесу өтті. Мақсаты – тұрғындар саулығына байланысты тексеру жұмыстарын жүргізу, тиісті дәрігерлік кеңестер беру болып табылады.

Денсаулық сақтау саласының өкілдері тұрғындардың қан қысымын өлшеп, ЭКГ аппаратына түсіріп, екпе жұмыстарын жүргізіп, дәрігерлік кеңестермен бөлісті.

Ауа райының ыстықтығына байланысты үйден шыға алмай жүргенмін. Қан қысымым жоғарылып, дәрігерге баруға мүмкіндік болмай жүр еді. Бүгінгі «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шара оң нәтижесі мен септігін тигізді. Тиісті кеңестерді алдым, қажетті дәрі-дәрмегімді берді. Баршаңызға алғысым шексіз – деді Ахметбаз учаскесінің тұрғыны Нұрбалаева Тәттігүл.

«AMANAT» партиясының негізгі мақсаттарының бірі – халық мүддесін қорғап, үнемі жанынан табылу. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап ғана қоймай, тиісті оң шешім шығару жолында аянбай жұмыс жасайды. Сондықтан көкейкесті сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса біз әрқашан тыңдауға дайынбыз – деді «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: