Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Жексенбі, 13 сәуiр, 19:52

Туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды

09.04.2025

124

0

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелер талқыланып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

«Бір апта мерзім ішінде туризм саласын цифрландыру және одан әрі дамыту бағытында нақты ұсыныстар енгізіңіздер. Арнайы бекітілген индикаторлардың толық орындалуы, өңірімізге келетін туристер санын арттыру бойынша жұмысты күшейтіңіздер. Кәсіпкерлердің туристік бағыттағы нысандары мен жол бойы сервистік кешендерінің құрылысына жұмсалған шығындарын субсидиялауға қатысты мемлекеттік қолдау шараларын ақпараттандыру керек», -деді аймақ басшысы.

Мәжілісте жауапты тұлғаларға көктемгі залалсыздандыру жұмыстарынан бұрын елді мекен айналасы мен мал қораларды механикалық тазартуды ұйымдастыру тапсырылды. Оған қоса, залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігіне талдау жасалып, қорытындысы облыс әкімдігіне баяндалуы тиіс. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған науқастарды емдейтін дәрі-дәрмек қорын қамдап, науқастарға дер кезінде ем-шара жүргізуді үйлестіру де басты назардағы мәселелер қатарында.

Цифрландыру мәселесі қаралды 2.jpg
Цифрландыру мәселесі қаралды 3.jpg

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: