Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Жексенбі, 11 мамыр, 01:22

Тыл ардагерлерін құттықтады

10.05.2025

11

0

9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудан әкімі Ардақ Ибраимов бір топ тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.

Аудан әкімі ардагерлерге Жеңістің оңайлықпен келмегенін, тылдағы қажырлы еңбектің де майдандағы ерлікпен тең екенін атап өтті. Ол еліміздің бейбіт өмірі мен жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіп, облыс әкімінің атынан және өз атынан ыстық ықылас пен ізет білдірді.

Ардагерді құттықтады 5.jpg

Сондай-ақ, аудан әкімі тыл ардагерлерін «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» медалімен марапаттап, мерекелік сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, сондай-ақ, ауданның құқық қорғау органдарының басшылары тыл ардагерлерін құттықтауға аудан әкімімен бірге барды.

Ардагерді құттықтады4.jpg
Ардагерді құттықтады 2.jpg
Ардагерді құттықтады.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: