Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сенбі, 23 қараша, 22:55

ҰБТ-2023: талапкердің киіміне қатысты өзгеріс енгізілді

12.05.2023

1666

0

Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушыларға еркін киіммен қатысуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ оқушыларға өзімен бірге су және шоколад алып кіруге болады.

«Құрметті талапкерлер! Сіздерге ҰБТ-ға мектеп формасымен келудің қажеті жоқ екенін айта кетейік. Яғни тестілеуге еркін киімде қатысуға болады. Бірақ этикаға сай, ұқыпты киініп келулеріңізді сұраймыз», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, биыл ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: