Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 14:21

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ОЙНАУ БІЛЕСІЗ БЕ?

23.09.2022

426

0

Қазақ халқы қашаннан бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Баланың алғыр, зерек, шапшаң, шымыр болып өсуі үшін түрлі әдіс-тәсілдер мен қоса ойындар ойлап тапқан. Бабаларымыз осындай ұлттық құндылықтар арқылы ұрпақтың туған еліне, жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық тәрбие бере білген. Осылайша дала даналарының көрегендігі ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қала берді. Сол себепті сан жылдар бойы қазақ өз ұрпағына саналы тәлім-тәрбие беріп келді. Бабаларымыз бала тәрбиесінде ойындардың да үлкен рөл атқаратынын аңғарды. Сондықтан баланың зеректігін арттырып, зейінін ашатын, шынықтыратын сан түрлі ұлттық ойындарды тудырды. Қазақтың қайсыбір ойынын алып қарасаңыз да, тапқырлық пен табандылықты, біліктілікті талап етеді. Осы орайда, бүгін партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық ойын ойнау білесіз бе» тақырыбында аудан орталығындағы жастармен кездесу болып өтті.
Аталған кездесуге «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева және ақпараттық насихаттық топ мүшесі, «Наркескен» спорт клубының спорт нұсқаушысы Кіребаев Дархан қатысты. Келелі кездесуде ұмыт болған ұлттық ойындар ойнатылды. Әрбір қатысушы ұлттық ойындарға қатысты өз ойларын ортаға салып, бабалар аманатын жалғастыру жастарға парыз екенін айтып өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: