Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

42°C

, Жұма, 16 мамыр, 15:33

«Ұлттық құндылықтар – заманауи ұстаз келбетінің негізі» атты сайыс ұйымдастырылды

15.05.2025

8

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Ақсу ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар – заманауи ұстаз келбетінің негізі» атты сайыс ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – ұлттық құндылықтарды жаңғырту және оларды білім беру жүйесінде сақтау, заманауи ұстаздардың қоғамдағы рөлін айқындау, ұлттық тәрбие мен білім беру жүйесінің сабақтастығын көрсету.
Шара бірнеше кезеңнен тұрды:
«Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» – қатысушылар ұлттық құндылықтар мен ұстаздық миссия туралы ойын жеткізді;
«Тарихи-мәдени мұра» – ұлттық мұрадан үзінділерді сахналап, орындады;
Үшінші кезеңде – жаңа технологияларды пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарды білім беру үдерісіне енгізу жолдарын ұсынды.
Сайыс нәтижесі бойынша арнайы номинациялармен және жүлделі орындармен марапатталды:
Номинациялар:

  • «Ұлттық болмыс үлгісі» – Ысқақова Ақмарал
  • «Ұлағатты мұрагер» – Тәуекел Сымбат
  • «Ұлттық рухтың жанашыры» – Қазыбекова Құралай
    Жүлделі орындар:
  • III орын – Ұйқасбаева Ләззат
  • II орын – Таужанова Гүлназ
  • I орын – Қожағұлов Медет
    Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жас ұрпаққа насихаттаудағы еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: