Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Сенбі, 24 қаңтар, 17:24

Ұлттық жаңғыру тұғыры

24.01.2026

7

0

V Ұлттық құрылтайдың Сыр өңі­рін­де өтуі­нің сим­вол­дық әрі саяси мәні зор. Себебі Қызылорда – бір ғасыр бұрын ел ­тағ­ды­ры­­на қатысты шешімдер қа­был­­данған, алғашқы ас­­тана болған қасиетті ме­кен. Мемлекет бас­шы­сы өз сө­зінде бұл та­ри­хи ерек­ше­лікке ­ар­найы тоқ­талып, өңір­дің ел тари­хын­дағы ор­­нына жоғары баға берді.
Құрылтай барысында көтерілген мәсе­лелер қоғам өмірінің барлық са­ла­сын қам­тыды. Ұлттық бірлікті нығайту, әділетті және жауапты мемлекет қалыптастыру, бас­қару тиімділігін арттыру секілді ба­сымдықтар ай­қындалды. Президент өңірдің әлеуметтік-эко­но­микалық дамуындағы оң өзгерістерді атап өтіп, бұл жетістіктер ай­мақ басшысы Нұрлыбек Нә­лі­ба­евтың жүйелі әрі табанды жұмысының нә­ти­жесі еке­нін ерекше айтты.
Мемлекет басшысының білім, ғылым және жоғары технология саласына инвес­тицияны арт­ты­ру туралы пікірі – уақыт талабынан туындаған стратегиялық ше­шім. Адам ка­питалының сапасын арт­тыр­­ма­йынша, елдің ұзақмерзімді дамуы мен жа­һандық бәсекеге қабілеттілігі қам­тамасыз етілмейтіні анық. Осы тұрғыда «Цифр­ландыру және жасанды интел­лект жылын» жариялау – сән қуалау емес, мем­лекеттік басқарудың тиімділігін арт­тыруға бағытталған нақты міндет деп түсі­нуіміз керек. Президенттің «Таза Қа­зақстан» бастамасы да терең мазмұнға ие. Бұл – ұлттық сананы жаңғыртуға, қо­ғам­да жауапкершілік пен тәртіп мәде­ние­тін қалыптастыруға бағытталған ма­ңыз­ды идео­логиялық бағдар. Тазалық – әр аза­маттың күнделікті өмір салтына ай­налуы тиіс құндылық. Қоршаған ортаға деген жа­уапкершілік көшеден емес, әр адамның өз ауласынан, өз үйінен басталуы қажет. Бұл қағиданы қоғам санасына сіңіру – бүгінгі күннің басты міндетінің бірі.
Құрылтайда қозғалған ең өзекті та­қырыптың бірі – Парламенттік рефор­ма. Мемлекет басшысы атап өткендей, биыл­ғы жыл Қазақстанның болашағына тіке­лей ықпал ететін маңызды кезең бол­мақ. Бір палаталы Парламент құру жө­ніндегі бастама ашық форматта, қоғамның белсенді қатысуымен талқыланып келе­ді. e-Otinish платформасы мен Egov пор­талында азаматтардың ұсыныс біл­ді­руі­не мүмкіндік берілуі реформа­лар­­дың ха­лықпен бірге жүзеге асырылып жат­қа­нын көрсетеді. Парламенттік реформа жө­ніндегі жұмыс тобына білікті заңгер­лер­дің, сарапшылардың, саяси партиялар мен қоғамдық ұйым өкілдерінің тартылуы қа­былданатын шешімдердің сапасын арт­тыра түседі. Қоғамда бұл бастамаға кең қолдау бар екені әлеуметтік сауалнамалар мен өңірлердегі кездесулер барысында да айқын аңғарылды. Сонымен қатар Пре­зиденттің Пар­ламентке «Құрылтай» ата­уын беру туралы ұсынысы – тарихи дәстүр мен қазіргі саяси реформалардың терең сабақтастығын көрсететін салмақты шешім. Құрылтай ұғымы – елдік мүддені ортақ ақылмен шешудің символы. Бұл атауды саяси жүйедегі маңызды институт ретінде бекіту ұлттық бірегейлікті нығайта түседі.
Партияның Қызылорда облыстық фи­лиалы ре­тінде біз Мемлекет басшы­сы­ның Ұлттық құ­рыл­тай алаңында көтер­ген бастамаларын саяси жаңғырудың қи­сын­ды жалғасы деп бағалаймыз. Бұл ре­формалар өкілді биліктің тиімділігін арт­тырып, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын күшейтеді. Алдағы өзгерістер әділетті, ашық әрі жауапты Қа­зақстанды қалыптастыру жо­лындағы нақ­ты нәтижелерге жеткізетініне сені­міміз мол.
Жандос БАЗАРТАЙ,
«AMANAT» партиясы Қызылорда
облыстық филиалының төрағасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: