ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, күн тәртібінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру, құрылыс саласын цифрландыру, қала құрылысы кадастры мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Аймақта «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен 28 медициналық нысан салынып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Шұғыл медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру үшін 9 млрд. 773 млн. теңгенің 4 жобасы қолға алынған.
Өткен жылы Шиелі ауданындағы қосымша ғимарат пен жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысына Үкімет резервінен 3 млрд. теңге бөлініп, жұмыс жүруде. Нысандар маусым айында іске қосылады. Биыл Арал, Жаңақорған, Қазалыдағы көпбейінді аудандық ауруханалар ғимараттарына қосымша құрылыс салуға арнаулы мемлекеттік қордан 6 млрд. 900 млн. теңге қаралып, құрылысы басталды. Жыл аяғында пайдалануға беру жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!