Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Жұма, 27 желтоқсан, 05:50

Ұшақ билеттері қымбаттады

05.05.2023

594

0

Қазақстанда 2023 жылдың сәуірінде наурыз айымен салыстырғанда ұшақ билеттерінің бағасы 17,7%-ға қымбаттаған, деп хабарлады sn.kz

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс 1 тоқсанда 151 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Алматы қаласы жолаушылар үшін ең танымал бағыт болып қала береді. Алматыға бірінші тоқсанда 893 мың жолаушы тасымалданған. Сондай-ақ Астанаға 722 мың жолаушы ұшқан. Үшінші танымал бағыт Шымкент қаласы болды – 268 мың жолаушы.

2023 жылғы қаңтар-наурызда әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 2 724 000 адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 39,5 пайызға артық. Осылайша, жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,7 есе өсіп, 5 513,6 млн п-км құрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: