Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Сенбі, 24 қаңтар, 17:27

Ұсыныстарым қоғамның қолдауына ие болды

24.01.2026

6

0

Өзім Ұлттық құрыл­тай­дың эконо­микалық ре­фор­ма секциясына қаты­сып, бірқатар маңызды мә­селені ор­та­ға салдым. Со­ның бірі – банк сала­сы­ның қызметін реттеу. Мер­зімі өткен несиелері бар азаматтардың банк шот­­тарын бұғаттау тә­жі­­ри­бесін қай­та қарауды ұсын­дым. Өйткені бұл адам­­ның жұмыс істеуіне, әр­түрлі төлем жасауына ке­дергі келтіреді. Бір сөз­бен айтқанда, адам құ­­қығын шектеумен бір­дей. Мұны толығымен тоқтату немесе жартылай ғана бұ­ғаттап, қаражаттың қалған бөлігін адам өзі пай­да­лана ала­тындай мүмкіндік жасалуы керек. Ха­лықтың талап-тілегінен туған ұсы­нысыма сәйкес банк қызметіне қа­тыс­ты шешім қабылданды. Қа­таң шаралар жүзеге асырылатын, онлайн несие бе­рілмейтін болды. Несие ал­ғы­сы келген адам банкке өзі барып, тір­келуі керек.
Білім және медицина саласы бо­йын­ша да кейбір түйткілдің түйіні осы жиында тарқа­тыл­ған­дай. Мен бұған дейін құр қаңқасы ғана бар, бі­рақ құ­рал-жабдығы жоқ жеке мектеп­тер­дегі бі­лім сапасы туралы айтқан едім. Мұндай оқу ошақ­тары адамды жұ­мысқа қабылдарда көбіне еңбек шар­­тын жасамайды. Уақытша алады, онда да ай­лық жалақысын дұрыс төле­мей­ді, зейнетақы жар­насын аудар­май­ды. Президент құрылтайда кейін­гі кезде өзіне жекеменшік мектеп­терді қаржы­лан­дыру тетігіне қатысты азамат­тар­дан келіп тү­се­тін сауалдар жиілеп кет­кенін айтты. Білім беру са­ласында мемлекеттік қаржыландырудың қол­да­ныстағы тәртібі бұрмаланып отыр­ғанын атап өтіп, оны шұғыл түрде түзету қажеттігін мәлімдеді. Осыған байланысты Үкіметке білім беру са­ласын мемлекеттік қаржы­ландыру ме­ха­низмін жедел реформа­лауды мін­деттеді.
Жиі сынға ілігетін меди­ци­на­лық сақтандыру жүйесінің ашық­тығы туралы мәселе де көтерілді. Мем­лекет басшысы Әлеуметтік медициналық сақ­­тан­дыру (МӘМС) қорындағы ке­шенді тек­серіс нәтижесінде көптеген заңбұзушылық дерек­тері анық­талғанын айтты. Үкіметтің аталған сақ­тан­ды­ру қорын Қаржы министрлігінің қарауына беру жө­ніндегі шешімін құптады.
Халықтың әлеуметтік хал-ахуа­лын арттыру ба­ғы­­тында берген ұсы­ныстарым қоғам тарапынан зор қол­дауға ие болғанын айтқым келеді.


Мұрат ӘБЕНОВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: