Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Сенбі, 28 желтоқсан, 15:57

Заңсыз сыйақы алғандар енді 3 жылға сотталуы мүмкін

03.07.2023

255

0

Заңсыз сыйақы алғандарға қатысты қолданылатын жаза күшейеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекске осындай өзгеріс енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ірi мөлшерде сыйақы алумен байланысты не қорқытып алумен ұштасқан іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 3 000 АЕК-ке (10 350 000 теңгеге) дейiн айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», – делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында.

Айта кетейік, қолданыстағы заң шеңберінде мұндай әрекет жасағандарға ең қатал жаза ретінде 2 жылға соттау, осы мерзімге бас бостандығын шектеу немесе 6 млн 900 мың теңге айыппұл салу шаралары қолданылады. Сондай-ақ кінәлі деп танылған адам сот шешімімен 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады. Енді заңсыз сыйақы алғандарға 3 жылға бас бостандығынан айыру, 10 млн теңгеден аса айыппұл салу және 3 жылға жылға бостандығын шектеу жазасы қолданылмақ.

Құжат 17 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: