Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Жұма, 03 қазан, 20:13

Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы

25.09.2025

116

0

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрінің 2024 жылғы 26 маусым күнгі        Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағиданы бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы №222 бұйрығына («Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағиданы бекіту туралы»  2 тараудың 5-параграфы алып тасталсын.) сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында облысаралық тасымал кезінде карантиндік сертификат беру мемлекеттік қызметті алынып тасталғаны туралы хабарлаймыз.  

        Мемлекеттік инспекция көрсететін мемлекеттік қызметтер:

1)Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру;

2) Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді әкелуге келісім-хат беру;

3) Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалауды жүзеге асыратын объектілерге есепке алу нөмірін беру.

Жалағаш ауданынан экспорталатын карантинге жатқызылған өнімдерге фитосанитариялық  сертификат беру Жалағаш кенті, Бұқарбай батыр көшесі 228 үйде орналасқан Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясында беріледі,ТЕГІН мемлекеттік қызметтер көрсетілетінін хабарлайды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда инспекцияның 31-8-82 сымтетігі арқылы хабарласуға болады.

Бас маман-Өсімдіктер қорғау және карантині

жөніндегі мемлекеттік инспекторы                                              Б.Ақбергенов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: