Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:19

Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысына мониторинг жұмыстары жүргізілді

04.07.2023

481

0

Халық қалаулыларының іс-сапары Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысына мониторинг жұмыстарымен жалғасты.
Аталған құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Бас мердігер «Гүлнұр МК» ЖШС, бас жобалаушы: «Проект Сервис» ЖШС, техникалық қадағалаушы «Altimus» ЖШС. Облыстық бюджеттен қаржыландырылған нысан ағымдағы жылдың қазан айында қабылдауға беру жоспарлануда. Қазіргі күні жұмыстың 40 пайызға жуығы орындалды.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған нысанға партиялық бақылау бекеті орналастырылды. Нысан аяқталып, халық игілігіне пайдалануға бергенше партия назарында болады.
Мониторинг жұмыстары барысында халық қалаулылары мердігер компания өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы, уақыты аяқтауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: