Денсаулық сақтау министрлігі жаңа жыл мерекесінде пиротехникалық құралдардан 63 адамның зардап шеккенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Зардап шеккендер арасында 20 бала бар.
Пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде Алматы қаласында – 19, Жамбыл облысында – 11, сондай-ақ Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында – 6, Ақтөбе облысында – 2 адам, Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында бір-бір адамнан зардап шекті.
Оларға көз жарақаты, көз мөлдірқабығының күйігі, қолдың күйігі мен жарақаты диагнозы қойылған. Бір пациенттің жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, стационарда ем қабылдап жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!