Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 22 қараша, 23:20

Жаңбыр, бұршақ, боран: Еліміздің басым бөлігінде күн бұзылады

11.10.2024

321

0

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 10 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Қазақстанның көп бөлігінде циклон мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен жауын-шашын, оңтүстікте, шығыста, елдің орталығында жаңбыр түрінде, кейде қатты жаңбыр, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі.

Елдің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі, батыста, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

«Павлодар облысында, батысында, солтүстігінде, Абай облысының орталығында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады», — деп жазды синоптиктер.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының Үржар ауданында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: