Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Жұма, 18 қазан, 13:40

Жас балуандар боз кілемде белдесті

08.10.2024

314

0

Жасөспірімдер арасында ұлттық спортымызды насихаттау, балаларды саламатты өмір салтына баулу мақсатында шаһарда биыл үшінші мәрте «Бала барыс – 2024» байрақты бәсекесі ұйымдастырылды. 

«Бала барыс-2024» турнирінің дәстүрлі сипат алуы қазақ күресінің келешегі кемел, болашағы жарқын боларының бір дәлелі.

Облыс аумағынан 32 жасөспірім қатысқан жас балуандар додасы «Евразия» спорт кешенінде өтті. 

Тартысты бәсекенің нәтижесінде қызылордалық «Балмолдин» лақап атын иеленген Исламбек Балмолдаев ІV орын 25 мың теңге иемденсе, ІІІ орын 50 мың теңге және «Қола белбеу» «Көкбөрі» лақап атын иеленген Жалағаш ауданынан Ерсұлтан Сұлтанбековке бұйырды. «Ошақты» Жалағаш ауданынан Әлинұр Сәрсенбай ІІ орын 100 мың теңге мен «Күміс белбеуді» қанағат тұтса, І орын 200 мың теңге және «Алтын белбеуді» қармақшылық «Семетей» Әлихан Әлиасқаров жеңіп алып, арнайы жасалған алтын «Тайтұяқты» қанжығасына байлады. Осылайша үш дүркін «Бала барыс» атағын иемденді.

462461502_3727537664179631_915747406153797890_n.jpg
462363905_3727537637512967_3605896635940365948_n.jpg
462463519_3727537577512973_4327047991652980347_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: